“Тұран” командасы клубтан кеткен Әбдіхалық Бөрібаевтың орнын басатын бапкерді тапты.
Премьер-лиганың ұшу аймағында жүрген Түркістан ұжымын 50 жастағы Александр Поклонский баптайтын болады.
Украиналық маман бапкерлік мансабында “Днепр”, “Днепр-1”, “Никополь”, ВПК-Агро, “Самгурали” және қырғызстандық “Мурас-Юнайтед” ұжымдарын жаттықтырған.
Владимирұлы Поклонский 2009 жылы Қазақстан Премьер-лигасының “Қызылжар” сапында 13 матч өткізді.
Басшылық жаңа бапкердің алдына “Тұранды” жоғары біріншілікте сақтап қалу міндетін қоймақ.
Біздің серіктес: FONBET