Кеше "Ливерпуль" - "Брайтон" кездесуінен кейін (2:1) Юрген Клопп өзінің командасының ойыны туралы пікірін айтты. Шәкірттерінің өнері жайлы жақсы лебіз танытқан неміс маманының командада қалуы мүмкін бе деген ой келді.
"Кешегі матчта ақылды ойнағанымыз, ақылды қорғанғанымыз тамаша. Иә, оңай болған жоқ. Алайда, "Брайтонмен" бұдан әлдеқайда нашар ойын өткізген кездер де есімізде. Ал, бірақ осы жолы біз өте салқынқанды ойнадық", деді Ю. Клопп.
Естеріңізге сала кетейік, АПЛ 30 турының аясында "Ливерпуль" өз алаңында "Брайтонды" ұтып, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді. Қазір командада 67 ұпай. Екінші орындағы «Арсеналдың» екі ұпайы кем. Айта кетейік, Юрген Клопп маусым соңында командаданы кететінін мәлімдеген.
Біздің серіктес: FONBET