Игор Тудор бұдан былай “Ювентусты” жаттықтырмайды.
Бас бапкерді қызметінен алып тастау шешімін Турин ұжымының басшылығы қабылдаған екен. Игор өзіне артылған сенімді ақтай алмады. Оның баптауымен “Ювентус” 3 матч қатарынан жеңіліске ұшырады. Соның салдарынан жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері басшы пен бапкерді қыспаққа алды. Сол себептен де Игор қызметінен кетуіне мәжбүр болды.
Осы маусымда “қара жолақтылар” хорватиялық маманның бастауымен барлық турнирлерде 11 матч өткізіп, соның тек 3 жеңіп, қалған 5 тең түсіп, 3 жеңіліс тапты.
Кейбір деректер сенсек, командаға бапкер ретінде “ПСЖ” экс-ойыншысы Тьяго Мотта қарастырылуда екен. 43 жастағы маман 2019 жылдан бері бапкерлік салада еңбек етіп келеді. Итальяның үш бірдей клубын баптаған Мотта бұл елдің футболымен жақсы таныс.
Біздің серіктес: FONBET