Жарнама
Жарнама

Ивайло Петев: «Бұл заңды нәтиже деп ойламаймын»

08.09.2021, 16:47
Петев матч алдында үш ұпай алу үшін бар күшімізді саламыз деп еді.
Жарнама
Жарнама

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кещеңіндегі Қазақстанға қарсы (2:2) өткен матч туралы пікір білдірді:

- Ойынның соңы нашар болды, сондықтан мен біздің жігіттер мен ойынға риза бола алмаймын. Біз бірінші таймды жақсы өткіздік - гол соқпағанымыз өкінішті-ақ. Біз ойынды жүз пайыз бақылауда ұстадық. Маған бірінші және екінші голды жіберіп алғанымыз ұнамады. Бұл заңды нәтиже деп ойламаймын. Бірақ ештеңені қайтара алмаймыз: біз талдау жүргізіп, қателермен жұмыс жасап, алға қарай жылжуымыз керек. Екінші гол 95-минутта концентрацияның жоғалуынан соғылды ма? Бәрі де мүмкін. Матч 2:2 есебімен аяқталды, біз өз жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Егер біз қателіктерімізді түзететін болсақ, онда, әрине, жеңіске жетеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров