Жарнама
Жарнама

Ивайло Петев: «Қазақстан өте ұйымшыл команда әрі біз үшін ыңғайсыз қарсылас»

08.10.2021, 23:02
Көп ойыншылардың келмеуі кері әсерін тигізбейді деп отыр Босния құрамасының бас бапкері.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы өтетін матч туралы өз ойымен бөлісті.

- Жасанды төсеніш туралы не ойлайсыз? Бұл маңызды рөл атқара ма?

- Иә, мен бұл туралы айттым. Қазақстандықтар үшін бұл шамалы артықшылық болады, бірақ біз жаттығып келдік, жаттығуды бүгін де жалғастырамыз. Сондықтан, бәрі жақсы, біз жеңіске жетуді көздейміз.

- Ертеңгі матчқа қаншалықты дайынсыздар? 

- Өз алаңымыздағы матчтан кейін талдау жүргізілді. Біз қателерді жөндедік. Ойыншылардың және менің көңіл-күйім жақсы, біз жеңгіміз келеді.

- Бірқатар ойыншылардың болмауы сіз үшін қиындық тудыра ма?

- Қазір осында жүрген ойыншылардың 200 пайызға беріліп ойнайтынына сенімдімін.

- Алғашқы кездесуден кейін қандай түзетулер енгіздіңіз?

- Біз бар назарымызды ертеңгі ойынға аударамыз. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.

- Қазақстан құрамасы ойыншыларының ішінде кімдерді ерекше айтар едіңіз?

- Менің ойымша, Қазақстан құрамасы біз үшін өте ыңғайсыз команда. Олар өте тату, ұйымшыл команда. Мен біреуді бөліп-жара алмаймын, бізге бүкіл командаға қарсы ойнау керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров