Жарнама
Жарнама

Ивайло Петев: «Қазақстанға қарсы матчта бес қорғаушымен ойнаймыз»

06.09.2021, 01:56
Қарсыластың бас бапкері Қазақстанды жеңетініне сенімді болып отыр.
Жарнама
Жарнама

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы болатын матч туралы пікір білдірді:

- Біз Қазақстанды жеңеміз. Егер біз баяу қимылдасақ, олармен ойнау қиын болады, ал егер біз тез және агрессивті ойын көрсетсек, онда бәрі бізге байланысты болады. Қандай схеманы қолданатынымызды әзірге айта алмаймын. Қазақстанға қарсы матчта біз бес қорғаушымен ойнауды жалғастыратынымызды жоққа шығармаймын.

Крунич пен Колашинац келесі матчқа болады деп үміттенемін. Сейсенбіде жанкүйерлер көп болады деп ойлаймын. Бізге қолдау қажет.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров