Жарнама
Жарнама

Иван Азовский: қазақ футболын бірге дамытсақ деген мақсатымыз бар

14.03.2025, 14:38

Биыл ҚПЛ-ге шыққан «Ұлытаудың» бас бапкері Иван Азовский командасының мақсат-міндеттерімен бөлісті.

Иван Азовский: қазақ футболын бірге дамытсақ деген мақсатымыз бар
Иван Азовский
Жарнама
Жарнама

Отандық маман алдағы уақытта бас командаға кадрлар дайындауға басымдық берілетінін тілге тиек етті.

«Біз қазақстандық футбол үшін ойыншылар дайындағымыз келеді. Командамызда бірінші лигадан ғана емес, екінші дивизионнан да өтіп келген жігіттер бар. Міне солармен алға жылжып, шеберлігімізді шыңдап, қазақ футболын бірге дамытсақ деген мақсатымыз бар», - деді И. Азовский.

Айта кетейік, жезқазғандық клуб былтыр Бірінші лигада екінші орын алып, «Оқжетпеспен» бірге жоғары дивизионға жолдама алған болатын. Иван Азовскийдің командасы ҚПЛ-2025-тің бірінші турында «Тобылдан» есе жіберді (2:0). Ал өткен демалыста Талдықорғанда «Жетісумен» ұпай бөліскен болатын – 0:0. Қазір премьер-клубтары ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің матчтарына байланысты үзіліске шықты. Жезқазғандық ұжым ҚПЛ-дің үшінші турында 30-наурызда елордалық «Жеңісті» қабылдамақ.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров