Жарнама
Жарнама

Иван Маевский “Целе” ұжымының бас бапкері қызметінен босатылады

“Астана” ФК экс-ойыншысының словениялық командада көрсетіп жатқан көрсеткіші көңіл көншітер емес.

Жарнама
Жарнама

Бапкерлікке қадам басқан белорус “Целе” ұжымын осы жылдың ақпан айында тізгіндеген болатын. Ол бұл қызметте испаниялық Альберто Риераның орнын басты. Жалпы словениялық клуб тізгінінде Маевский 8 матч өткізіп, соның 4 жеңіп, 1 тең және 3 жеңілді. Команда одан тағысы, косоварлық “Дританы” қос матч қорытындысы бойынша 6:4 есебімен жеңіп, келесі плей-офф кезеңіне өтті. Бірақ чемпиондыққа таласта әр ойынын жеңуі тиіс болған “Целе” Иван Маевскийдің бастауымен “Браво” және “Алуминий” ұжымдарына күтпеген жерден 3 ұпай сыйлады. 

Естеріңізге салсақ, Беларусия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы “Астанада” 2017 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, еліміздің 3-діркін чемпионы атанды. Премьер-Лигамызда 37 жастағы спортшы барлығы 96 матчқа қатысты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: