Жарнама
Жарнама

Иван Перишич «Тоттенхэм» ойыншысы атанды

01.06.2022, 03:39
Хорватиялық ойыншы лондондық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм Хотспур» ресми сайтында «Интердің» жартылай қорғаушымы Иван Перишичті қатарға қосқанын хабарлады.

33 жастағы хорватиялық футболшының лондондық клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген. Перишичтің «Тоттенхэм Хотспурмен» келісім-шарты 1 шәлдеден бастап күшіне енеді..

Еске салайық, Перишич «Интер» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда хорватиялық футболшы италиялық клуб жейдесінде 49 матч өткізіп, 10 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушы бұған дейін «Брюгге», «Боруссия Дортмунд», «Вольфсбург» және «Бавария» клубтарында ойнаған. 2011 жылдан бастап Перишич Хорватия құрамасына шақыртылып жүр.

Ағылшын Премьер-лигасында төртінші орынға ие болған «Тоттенхэм» келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров