Жарнама
Жарнама

Иван Перишич жарақатына байланысты 1 ай алаңға шықпайды

06.02.2020, 19:39
Жарнама
Жарнама

Хорватия құрамасы мен «Бавария» жартылай қорғаушысы Иван Перишич жаттығу жұмыстарында жарақат алып қалды. Енді ойыншы 4 апта командаға көмектесе алмайды. Бұл туралы «Бавария» бас бапкері Ханс-Дитер Флик айтты.  

-«Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Басында бір-екі күннен соң жазылып кетер деп ойладық. Дегенмен жарақат біз ойлағаннан да ауыр болып шықты. Иван бір айға қатардан шығып қалды. Енді 4 аптадан кейін жеке жаттыға бастайды. Ал қалғанын сосын көре жатармыз»,-деді Флик.

Айта кетейік, Перишичті маусым басында Интерден жалға алған еді.  Биылғы маусымда 22 матчқа қатысып, 5 гол салған және 6 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров