Иван Свиридов - Премьер-лигада 10 голын соқты

“Елімайдың” 22 жастағы шабуылшысы Иван Свиридов “Тұранға” қарсы ойында ерекшеленуінің арқасында Премьер-лигадағы 10 голын тіркеді (6:0), деп жазады Kazfootballkz. 

Иван ішкі чемпионаттағы дебюттық ойынын 2021 жылы “Шахтер” ойыншысы ретінде өткізді. “Тобылға” (0:3) қарсы кездесудің 89 минутында жас футболшы Виталий Балашовты алмастырып кірді. 

Свиридов Премьер-лигадағы алғашқы голын 2021 жылдың 2 шілдесінде “Астана” қақпасына соқты. Шабуылшы кеншілер сапында жалпы алғанда 42 матч өткізіп, 8 рет көзге түсті. Ал “Елімай” жейдесінде Иван 16 кездесуде алаңға шығып, бір голдың авторы атанды. 

Жоғары біріншілікте жалпы алғанда  - 58 матч, 10 гол.

Материалда: