Палестинаға соғыс ашқан елдің тағдыры дауыс беру арқылы шешілмек.
Келесі аптадан бастап Израиль мемлекетін футболдағы ірі турнирлерден алыстату бойынша мәселе көтерілмек. Егерде УЕФА құрамына кіретін елдер еврей футболына қарсы дауыс берсе, онда “Маккаби” Тель-Авив Еуропа Лигасынан, ал ұлттық құрама ӘЧ іріктеуінен шығарылады.
Мәселен, Украинамен әлі де қырғын болып жатқан Ресей 3 жылдан бері шектеудің кесірінен УЕФА мен ФИФА турнирлеріне қатыса алмай келеді.
Дәл қазіргі сәтте Израиль мемлекетінің әлемдік футболдан жырақта болуын 20 елдің ресми өкілдері мақұлдап отыр екен. Қалған 3-еуі ғана еврейлердің қала беруіне қарсы емес.
Біздің серіктес: FONBET