Израильде доп тебетін бірінші қазақ

07.02.2024, 14:26

Артур Шученачев 2027 жылдың 30 маусымына дейін Израильдің «Хапоэль Беэр-Шевасымен» келісімшартқа отырды. Алматылық клуб шабуылшыны 500 мың еуроға сатыпты. Жаман емес. Біздің футболдың өлшемімен тәп-тәуір «сделка» деуге болады екен. Сонымен, Артур енді Израильде доп тебетін тұңғыш қазақ болғалы тұр. Бұған дейін ол жақта ойнаған ешкім есімізге түсер емес. Беэр-Шева қаласының намысын қорғайтын команда дәл қазір ішкі біріншілікте төртінші орында келеді.

Көш бастап тұрған Маккаби Хайфадан 6 ұпайға қалып тұр. Артур Шученачев әлеуетті шабуылшы. Ірі денелі сұрмерген Израильде өзін жоғалтып алмас деген сенім мол. Біздің біріншілікпен деңгейлес чемпионат. Соңғы уақытта Израильдік ұжымдар еурододаларда тәуір нәтиже көрсетуде.      

 

Материалда: