Израильді тізерлеткен Исландиялық футболшы "Интерге" ауысады

25.03.2024, 13:57

Исландия Ұлттық құрамасы мен "Дженоаның" жартылай қорғаушысы Альберт Гудмундсоон топ-клубтардың назарын аударуда.

Вингерге үміткерлер қатарында Миланның "Интері" бар. Футболшының өзі Миландық клубтқа ауысуға келісім берген көрінеді. Айта кетейік, Гудмундсоон Израильге қарсы тоғыспалы бәсекеде хет-трик авторы атанды. Ертең жартылай қорғаушы Украинамен болатын матчта өз командасына Еуропа біріншілігінің жолдамасын алуға көмектесіп көреді.