Жарнама
Жарнама

Кәсіпкер Қалмырзаға көлік сыйлады

“Shoqan” брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шәріпов “Қайрат” қақпашысына осындай сый-сыяпат көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Кешегі “Реал Мадридке” қарсы кездесуде 11 сейв жасаған Шерхан Қалмырза бүгінде автокөлік иегері атанды. 

Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Шерханға Chery компаниясының Exeed RX маркалы темір тұлпарын табыстады. Жомарт азамат осындай сый көрсету арқылы қақпашыны алдағы ойындарға жігерлендіруді мақсат етіпті.

Айта кетейік, “Қайрат” Чемпиондар Лигасындағы келесі кездесуін 21 қазан күні кипрлік “Пафосқа” қарсы өткізеді. Аталған матчқа дейін Алматы ұжымының қатарына Темірлан Анарбеков пен Александр Заруцкий қосылып үлгермесе, қақпада Шерхан Қалмырза тұра бермек. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: