Жарнама
Жарнама

Қағынған Каган

Осы күні кеше Виталий Каганның ҚФФ президентіне хат жазғанын оқыдық. Оны Гол.кз паблигі жариялады. 

Жарнама
Жарнама

Жас төрешілерді тәрбиелеу бойынша семинар өткіземіз деп бастаған Виталий Каган сонымен қатар “Елімай” – “Астана” ойынына шет елден төреші шақырайық деп сөйлепті. Осындай ұсынысты айтпас бұрын Виталий Каган қазақстандық төрешілерді әбден кемсітіп, олардың абыройына мұрын шүйіріп қарап отыр. Қазақстандық төреші қателесер, алайда сондай қателіктерден олардың деңгейі өседі емес пе? Жалпы, шетелден төреші шақырса ол қателеспей ме деген сауал туындайды.

Мақұл, бұл мәселе әлі де талқылана жатар. Біздің таң қалып отырғанымыз басқада. Ресей Федерациясының азаматы Виталий Каган қалайша Абай облысы футбол федерациясының президенті? Неге шет ел азаматы, қызыл паспорты бар ресейлік азамат Қазақстандағы футболдың ең бір қаймағы бұзылмаған тарихи жерінде президент болып отыр. Абай облысында облыстық футбол федерациясын басқаратын бір қазақ табылмағаны ма? Ұят-ай. 

Кезінде “Елімайда” жұмыс істеп, талай төрешімен сөйлескен бұл Каган қазақ футболынына қайбір жаны ашып отыр дейсіз? Клубтың басшысы болған бұл Каган неге қазір қағынып отыр? Өзі де төреші болған кезде даудан басы айырылмайтын еді ғой. Қырғын қазақ жүріп бір орысқа басқартып отырса - Абай облысындағы футболдың халі мүшкіл десеңізші!

Құрметті, ҚФФ басшылығы, атқарушы комитет мүшелері және Әділет Бәрменқұлов мырза! Қазақ футболының жанашыры ретінде Сізден осы мәселені шешуіңізді сұранамыз. Облыстағы футбол федерацияларының президенттерінің кәсібилігі мен азаматтығына мән берсеңіз. Абай облысының футбол федерациясының президентінің қайта тағайындалғанын қалаймыз. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: