Жарнама
Жарнама

Кахабер Цхададзе Грузия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

21.11.2020, 03:36
Цзададзе алдағы он күнде «Ордабасы» сапындағы соңғы ойындарын өткізеді.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе Lelo.ge сайтына берген сұхбатында ұлттық құрама деңгейінде жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

«Қазір мен бес жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы дайындалғанмын. Өткен бес жыл ішінде мен тоқтамадым, осы уақыт аралығында мен үшін жұмыс істегенім, ойындарды талдағаным, көп білім мен тәжірибе алғаным және алда тұрғаным маңызды. Ұлттық құрамаға жетекшілік ету кез-келген жаттықтырушы үшін үлкен мәртебе, мен де бұл мүмкіндікті жоққа шығармаймын», - деді ол.

Айта кету керек, Грузия құрамасының бас бапкерлік қызметі словакиялық маман Владимир Вайсс кеткеннен кейін бос қалды. Цхададзе «Ордабасы» командасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Маусымның соңында ол шымкенттік клубтан кететін болады. Бұған дейін ол Грузия құрамасын 2015-2016 жылдар аралығында баптаған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров