Кеше Еурокубоктерде кезекті кездесулерін өткізіп, ұтылған «Ақтөбе» мен «Ордабасы» біраз ақшадан да қағылған еді.
Мәселен, былтыр УЕФА Еуропа Лигасының екінші кезеңіне шыққан клубтарға 260 000 еуро сыйақы берген. Вячеслав Левчук шәкірттері «Легиядан» басым түсіп, келесі кезеңге өткенде, осыншама табысқа кенелетін еді.
Ал Конференциялар Лигасының дәл осындай кезеңіне аяқ басқан ұжым 175 000 еуро табыс тапқан болатын. Мұнша ақшаны шымкенттік клуб кеше грузиялық команданы қапы қалдырған жағдайда еншілер еді. Бүдан бөлек, КЛ-ның екінші кезеңінде жарыс жолын аяқтағандарға 350 000 еуро сыйақы қарастырылған (әр кезең үшін 175 000 еуро).
«Ақтөбе» ЕЛ-да жолы болмаған соң, Конференциялар Лигасында бақ сынайтын мүмкіндік алып отыр. Қазақстандық команданың екінші кезеңдегі қарсыласы чехиялық «Спарта».
Біздің серіктес: FONBET