Саят Қарабаев Премьер-Лиганың орталық кездесуінде қызмет жасайды деген ақпарат жалған болып шықты.
Осыдан екі-үш күн бұрын әлеуметтік желілерде “Ақтөбеге” қарсы ойындарда біршама қателік жіберген Саят Қарабаевтың Алматыдағы ойында қызмет жасайтындығы жайын ақпарат тарап еді. Алайда аталмыш төреші “Тобыл” мен “Жетісу” арасындағы матчқа тағайындалыпты. Осы себепті Ақтөбе командасы жанкүйерлерінің дүрлігуіне негіз жоқ. Одан тағысы, Саят Қарабаевпен бірге, даулы эпизодтарды тіркеген VAR төрешісі Марат Ысқақов “Қайрат” - “Ақтөбе” кездесуіне қатысы болмайды. Бұлардың орнына матчты қостанайлық Санжар Ысқақов басқарады.
16 наурыз күні сағат 19:00-де болатын кездесу тартысқа болғалы тұр. Күні кеше ғана сатылымға шыққан билеттер толық сатылып, стадион ойын күні SOLD OUT болатыны жайында ескертілді.
Премьер-Лиганың алғашқы кездесуінде “Қайрат” “Алтайды” 0:1 есебімен жеңді. Ал Нани бастаған “Ақтөбе” болса, қостанайлық “Тобылды” 4:1 есебімен сенімді түрде жеңе алды.
Біздің серіктес: FONBET