Жарнама
Жарнама

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне шықты

29.07.2025, 22:02

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Финляндияның КуПС командасымен  кездесіп, 3:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

 

Жарнама
Жарнама

Алаң иелері матчтың алғашқы минутынан бастап шабуылға көшті. Нәтижесінде Дастан Сатпаев 9-минутта алыстан бағыттаған дәл соққысымен есеп ашты. Араға 20 минут салып Жоржиньо таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Ал алғашқы таймның соңында Валерий Громыко айып алаңынан керемет соққымен үшінші голды соғып, жанкүйерлерін қуантты.

Екінші таймда фин командасы ойынды теңестіруге тырысқанымен, Александр Заруцкий қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Айта кетейік, «Қайрат» сапынан қосалқы құрамда отырған Гиоргий Зария 45-минутта қызыл қағаз алды.

Осылайша, екі ойын қорытындысы бойынша, 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Сонымен қатар, алматылықтар eурокубоктың топтық кезеңіне қатысу мүмкіндігін де қамтамасыз етті.


«Қайрат» — «КуПС» 3:0
(Алғашқы матч: 0:2)

 

Голдар: Сәтпаев 9 (1:0), Жоржиньо 29 (2:0), Громыко 43 (3:0)

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: