Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин Мадридтік “Реалға” қарсы өтетін ойын алдында командасының көңіл-күйі мен жоспары жайлы пікір білдірді.
“Әрине, кез келген бапкер үшін жеңіс – ең үздік нәтиже. Бірақ біз үшін бастысы – нәтиже үшін күйгелектенбей, ойынға толық зейін қою. Лиссабонда өткен матчты талдасақ, кей сәттерде біз жақсы ойнадық. Қарсылас бізден әлдеқайда мықты болғанымен, жігіттер өздерін көрсетті, бірнеше қауіпті сәттер жасадық, бір гол соқтық. Мұның өзі біздің дамуымыздың көрсеткіші.” – деді ол.
Уразбахтин алдағы матчта ойыншылардан жоғары деңгейдегі ойын күтетініне тоқталды:
“Реал” – біз кездескен командалардың ішіндегі ең мықтысы десек те болады. Сондықтан бізге ең бастысы – ойынды бөлшектемей, толыққанды, жинақы футбол көрсету. Лиссабонда кей сәттерде ойынымыз үзіліп қалды, көп күш жұмсадық, сосын зейініміз жоғалды. Мұндай қарсыласпен соңғы минутқа дейін мұқият болу керек.”
Сондай-ақ бапкер сапарлардың әсері мен физикалық дайындық жайлы да айтты:
“Өкінішке қарай, өткен матчта біз жеткілікті сергек бола алмадық, сапар да әсер етті. Бірақ “Реалға” қарсы ойында бәрі басқаша болады деп сенемін. Жігіттерге айттым, екінші таймның алғашқы 15 минутындағы ойынды біз бүкіл матч бойы көрсетуіміз керек. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.” – деп қорытындылады Уразбахтин.
– Vesti.kz
Біздің серіктес: FONBET