Жарнама
Жарнама

«Қайрат» бас бапкері Дастан Сәтпаев жайлы: Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне соның арқасында шықтық

06.11.2025, 12:29

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Интерге» қарсы кездесуден кейін шабуылшы Дастан Сәтпаевтың өнерін бағалап, мансабы туралы ойымен бөлісті.

Дастан Сәтпаев "Интерге" қарсы кездесуде
Жарнама
Жарнама

Кеше 17 жастағы футболшы ЧЛ негізгі кезеңінің 4-туры аясында болған бәсекені алматылықтар сапында бастапқы құрамда бастап, ойынның соңына дейін өнер көрсетті.   

«Ол танымалдылығы артып жатқан жас жұлдыз. Оның әлеуеті зор және қазірдің өзінде деңгейін көрсетуде. Осы маусымда Дастан команда көшбасшысының біріне айналып, маңызды голдар соқты. Біз осы жерге Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне соның арқасында шықтық. Бұдан да толық ашыла түсетін қауқары бар. «Челси» тегін қызығушылық танытқан жоқ. Бастысы – өсуіне мүмкіндік беретін қамқор алақаннан табылса. Енді көп дүние клубтың оның дамуына байланысты қандай шешім қабылдайтынына байланысты болады», - деді Р. Уразбахтин «Meta-ratings.kz» порталына берген сұқбатында.

Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 26 матчта 14 гол мен 7 ассисттің авторы атанды.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров