2020 жылғы Еуропа чемпионы Лоренцо Инсинье карьерасындағы алғашқы белестерін бағындырған туған клубы — "Пескараға" оралды, деп хабарлайды Aladop.kz.
34 жастағы вингер араға 13 жыл салып, В сериясында өнер көрсететін ескі ұжымымен келісімшартқа отырды.
Тәжірибелі шабуылшы 2022 жылдан бері Канаданың "Торонто” клубында өнер көрсетіп, 2025 жылдың шілдесінде еркін агент атанған болатын.
Инсинье үшін "Пескара” — кәсіби деңгейге жолдама берген алтын ұясы. Ол осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2011/12 маусымында “Aқ-Көктер” сапында жалда жүріп, 37 матчта 18 гол соққан еді.
Италиялық басылымдардың хабарлауынша, Лоренцода "Наполиге” қайта оралу немесе "Лациода" бұрынғы бапкері Маурицио Сарримен қауышу сияқты бірнеше нұсқа болған. Алайда, футболшы жүрегінің қалауымен карьерасын бастаған клубына көмектесуді жөн көрген екен.
"Қайрат” пен Инсинье: Трансфер неге іске аспады?
Соңғы уақытта Қазақстандық футбол кеңістігінде Инсиньенің Алматылық "Қайратқа” келуі мүмкін деген ақпарат желдей есті. Шын мәнінде, ойыншының агенттері оның қызметін “Сары-Қараларға" ұсынған болатын. Бірақ клуб басшылығы бұл трансферден бірден бас тартты.
Бас тартудың басты себептері:
• Кәсіби деңгей: "Қайрат” басшылығы футболшының қазіргі бабы мен физикалық жағдайы команданың талаптарына сай келмейді деп есептеген.
• Жасы мен мотивациясы: 34 жастағы ойыншының MLS-тен кейінгі деңгейі күмән тудырған.
• Клуб саясаты: Алматылық ұжым қазіргі таңда есімінен гөрі, алаңда барын салатын және болашағы бар ойыншыларға басымдық беруде.
Осылайша, Еуропалық жұлдыздың Қазақстанға келуі жай ғана қауесет күйінде қалып, Инсинье өз отанына — Италияның төменгі дивизионына жол тартты.
Біздің серіктес: FONBET