«Қайрат» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Астана» клубымен бәсекелестік пен елордалық команда деңгейі жайлы пікірін айтты.
Алматылық команда қожайынының ойынша, «Астана» ештеңеге қарамастан биылғы маусымда жоғары орындардан көрінуге тиіс.
«Астананың гегемониясы аяқталды ма? Жоқ. Ол әлі де біздің нөмірі бірінші қарсыласымыз болып қала береді. Қазақстандағы мықты клубтың бірі. Онда не болып жатқанына қарамастан, иә, мен де жаңалықтарды оқимын, «Астана» өз орнын тапқан команда. Бұл клуб осы маусымда өнер көрсетіп, алтынға таласады», - деді Қ. Боранбаев белгілі блогер Артур Асқарұлына берген сұхбатында.
Айта кетейік, елордалық клуб қаржылай қиындықтарға тап болуына байланысты, біраз көшбасшы ойыншысынан айырылды. Жаңа маусым алдында «Астанадан» Камару Усман, Макс Эбонг, Назми Грипши секілді негізгі құрамның футболшылары кетті.
Біздің серіктес: FONBET