Жарнама
Жарнама

Қайрат Боранбаев «Қайраттың» алдына жаңа мақсат қойды

22.10.2025, 16:35

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тарихи ұпайына қол жеткізген «Қайрат» клубы тек тең нәтижеге қанағаттанбайды. 

Жарнама
Жарнама

Қайрат Боранбаевтың ресейлік Championat.com сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасындағы жоспарымен бөлісті.

«Біз өз алдымызға  плей-оффқа шығып, үздік 24-тің қатарына енуге мақсат қойдық. Бүкіл күрес әлі алда. Әсіресе, мен кестеге қарағанда, алғашқы екі ойында тек біз ғана емес, басқа командалар да жеңілгені анықталды. Тек бір нәрсе – доп айырмашылығы маңызды рөл атқарады. Бесінші гол, әрине, артық болды. Бірақ ештеңе етпейді, біз бәрібір командаға разымыз», – деді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, кеше алматылық команда өз алаңында Кипр чемпионы «Пафоспен» 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Дәл қазіргі сәтте «Қайрат» 1 ұпаймен 33-орында тұр.

  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: