Алматылық «Қайраттың» қожайыны Қайрат Боранбаев команданың ҚПЛ-2024-тегі жетістігі жайлы айтып, клуб жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.
Айта кетейік, биылғы премьер-лигада алматылықтар «Астана» мен «Ақтөбені» артқа тастап, бірінші орын алды.
«Чемпиондыққа таласта алдыңғы рөлдерде болған өзіміздің түлектерімізді ерекшелеп айтып өтуге болады. Клуб үшін аса маңызды сәттерде олардың қасымыздан табылғаны маңызды болды. Біздің түлектер «Қайрат» ең үлкен жетістіктерге ұмтылатын нағыз кәсіби шеберлерді даярлайтын ерекше клуб екенін тағы бір мәрте көрсетті. Келесі маусымда бізді Чемпиондар Лигасының іріктеуі күтіп тұр және еуропадағы ең мәртебелі турнирде өз жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз», - деді Қ. Боранбаев.
Алматылық клуб биыл Қазақстан премьер-лигасын өзінің тарихында төртінші рет ұтты. Биыл «Қайрат» сондай-ақ, өзінің 70-жылдығын тойламақ.
Біздің серіктес: FONBET