Жарнама
Жарнама

Қайрат Боранбаев: “Қарыз мәселесі сотта қаралып жатыр”

10.09.2025, 11:30

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев "Қайрат" футбол клубының Алматыдағы Орталық стадион алдындағы қарызына байланысты пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

Одан клубтың стадионға не үшін қарыз болып қалғаны жайлы сұралғанда, ол мәселенің сотта қаралып жатқанын айтты:

"Бұл тақырыпқа пікір білдіруім қиын, өйткені біз сотқа жүгіндік. Қазір осы мәселеге қатысты сот процестері жүріп жатыр. Бізде қол қойылған келісімшарт бар, ол мерзімі өтіп кеткен құжат. Кейін әкімдік жүргізген аудит нәтижесінде стадионды төмен бағамен бергені үшін айыппұл салынды. Біз әрқашан тұрақты бағаны уақтылы төлеп келдік. Бірақ айырмашылықты қайта есептеп, сот стадион пайдасына шешім шығарды. Енді біз басқа инстанцияға шағымданбақпыз. Бұл мәселе қосымша түсіндіруді қажет етеді." — деді Боранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін сот шешімі бойынша "Қайрат” клубы Алматыдағы Орталық стадионға 131 миллион теңге қарызды өтеуге міндеттелген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров