«Қайраттың» түлегі Дәулет Орынбасарға ресейлік топ-клубтардан нақты ұсыныс түскені мәлім.
Мұны алматылық команданың басшысы Қайрат Боранбаев та растаған болатын.
«Иә, бұл футболшы бойынша бізге екі ұсыныс түсті - «Зенит» пен «ЦСКА» клубтарынан. Қазіргі уақытта аталған командалармен келіссөздер жүргізілуде. Дәулет өте жас әрі талантты ойыншы. Біз оны мұндай деңгейдегі ауысуға кезең-кезеңімен дайындауымыз қажет. Ойыншыны тек сату үшін емес, жаңа клубында тұрақты түрде негізгі құрамда ойнауы үшін ауыстыру маңызды», - деді Қ. Боранбаев.
Айта кетейік, осыған дейін «Қайраттың» щабуылшысы Дәулет Орынбасар жақын арада Ресей Премьер-лигасының жетекші клубтарының біріне ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. 2024-жылғы маусым қорытындысы бойынша Дәулет Орынбасар QJ League ұйымдастырған марапаттар аясында 17 жасқа дейінгі санатта бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды - «үздік ойыншы» және «үздік сұрмерген». 16 жасар футболшы өткен маусымда 17 матчқа қатысып, 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET