"Қайраттың" бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев клубқа тағайындалған жаңа бас бапкер жайлы ойын айтты.
Қайрат Советайұлының пікірінше, Александр Кержаков өзін жақсы қырынан таныта алған білікті маман.
"Бапкер ретінде Александр өзінің білікті, ұқыпты, командасын жаңа деңгейге шығара алатын маман екенін көрсетті. Қазір ойыншыларды жаңа бапкерге, оның тәсілдері мен көзқарастарына бой үйрету кезеңі күтіп тұр. Осындай өтпелі кезеңде жанкүйерлерден шыдамдылық пен сенім күтемін. Бас бапкер мен команданы қолдау керек. Ал Александрға біздің жобамызға шынайы қызығушылық танытып осындай күрделі шаруаны алуға келіскені үшін алғысымды білдіремін",- деген Қайрат Боранбаев команданың мақсат-міндеттеріне де тоқталды.
Айта кетейік, "Қайрат" ҚПЛ-дің 9 турынан кейін 15 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Алматылық клубты Александр Кержаковқа дейін Рафаэль Уразбахтин жаттықтырып келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET