«Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев алматылық клубтың трансферлік нарықтағы жоба-жоспарларымен бөлісті.
Айтуынша, алматылық ұжымның мақсаты келісімшарты аяқталатын легионерлердің орнына басқаларын табу. Ал клубтағы қазақстандықтар өз орнында қала бермек.
«Бір дүниені айта аламын: қазақстандық футболшыларға байланысты бізде ештеңе өзгермейді. Сырттан ешкімді іздемейміз, «Қайраттың» өз түлектері өсіп келеді. Ал шетелдіктерге қатысты айтар болсақ, кімде келісімшарты аяқталады, солардың орнына басқа футболшы іздестірудеміз. ҚР Футбол федерациясы келер маусымнан бастап командада 10 легионерден аспауы керек деген шешім қабылдады. Трансфер нарығындағы жұмысымызды осыған қарай құрып жатырмыз», - деді Қ. Боранбаев «Дядя Ваня» телеграмм-арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, «Қайрат» сапында өнер көрсеткен бірқатар футболшының келісімшарты аяқталды. Бұл қатарда Валерий Громыко, Егор Сорокин, Офри Арад, Гиорги Зариа және тағы бірнеше футболшы бар.
Біздің серіктес: FONBET