Жарнама
Жарнама

“Қайрат” – “Брюгге” матчына төрешілер тағайындалды

18.01.2026, 21:58

Чемпиондар лигасының "Қайрат" - "Брюгге" матчына төрелік ететін мамандардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Donatas Rumsas
Жарнама
Жарнама

Литвалық төрешілер бригадасы

Алдағы маңызды кездесуді Литвалық төрешілер тобы басқарады. Бас төреші болып Донатас Румшас тағайындалды. Оған алаң жиегінде отандастары Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмектеседі. Қосалқы төреші міндетін Робертас Валиконис атқарады.

VAR жүйесіне Польша мамандары жауапты

Заманауи футболдың ажырамас бөлігіне айналған бейнеқайталау жүйесіне Польшадан келген тәжірибелі мамандар бекітілді:

• VAR төрешісі: Томаш Квятковски (Польша)

• VAR ассистенті: Павел Пскит (Польша)

"Қайрат” пен Бельгиялық "Брюгге" арасындағы кездесу 20 қаңтар күні (20:30) Астана Аренада өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров