Мамаду Диакон - “Астана Аренада” болған еурокубок кездесуінің үздік ойыншысы
20 жастағы шабуылшы Чемпиондар Лигасы аясындағы алғашқы толық матчын өткізді.
2005 жылы туылған Мамаду “Қайратқа” қарсы ойында 7,6 баллдық жүйемен бағаланып, өз командаластары арасында үздіктердің бірі атанды. Француздық “Реймс” тәрбиеленушісі бүгін Ромео Верманға голдық пас берді. Одан тағысы, “Брюггенің” шабуылдағы әлеуетін арттырып, белсенді әрекеттерімен ерекше көзге түсіп отырды.
Бір қызығы, “Брюггенің” “Ла Лувье” командасымен болған ойынында да Диакон дәл сол Ромеоға голдық пас шығарып беріпті.
Айта кетейік, француз Мамаду осы маусымда 12 ойын өткізіп, 4 голдық пас берді. Трансфермаркет порталы жас шабуылшыны 4,8 млн еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET