Танымал «Vseprosport.ru» сайты ҚПЛ-дің аясындағы «Қайрат» - «Жеңіс» матчына тоқталып, болжам жасады.
Бүгін ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 8-тур кездесуі алматының «Орталық» алаңында болады.
«Қазақстан чемпионаты мәреге жақындай түсті. Чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда әрбір ұпай алтынмен тең. Қазір алматылықтарда мадридтік «Реалға» қарсы Чемпиондар Лигасының аясындағы бір апталық демалыс. Алаң иелері бұл демалысты пайдаланып, премьер-лигададағы бірінші орынды қайтарып алады деп есептейміз. Десе де, елордалық клубқа қарсы ойында қақпасын голдан сақтап қала алмайтын шығар, өйткені, «Жеңістің» жоғалтатын ештеңесі жоқ. Ал команда нәтижеге алаңдамаған жағдайда, керемет нәтижелер көрсетеді», - делінген танымал сайт материалында.
Премьер-лиганың 23 турынан кейін «Қайрат» 49 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басындағы «Астанада» 50 ұпай. Үздік үштікті түйіндеген «Тобылда» 44 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET