Жарнама
Жарнама

“Қайрат” Чемпиондар лигасынан түскен қаржыны қайда жұмсамақ?

24.10.2025, 16:00

Комментатор Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, “Қайрат” футбол клубының басшылығы Чемпиондар лигасына қатысудан түскен қаражатты Алматыда жаңа футбол академиясын салуға бағыттауды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін клубтың иесі Қайрат Боранбаев бұл табыстар туралы пікір білдіріп, алынған ақша таза пайда емес, айналымдағы қаражат екенін атап өткен болатын.

Боранбаевтың айтуынша, көпшілік табыс пен пайданы шатастырып алады.

“Иә, біз ақша таптық деуге болады, бірақ бұл – пайда емес, айналым қаржысы. Ешкім осы табысқа дейін қанша инвестиция салынғанын есептемейді. Қазақстанға келетін легионерлердің өзі қымбат тұрады.“

Ол сонымен қатар клуб трансферлік саясатын өзгертпейтінін және Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігіне қарамастан, жалақыны шектен тыс өсірмейтінін айтқан.

“Біз футболшыларға үлкен жалақы төлеуді жоспарлап отырған жоқпыз. Жаңа мүмкіндіктер саясатымызды өзгертпейді. Бірақ Чемпиондар лигасында ойнау бізге өздерін дәлелдеуге ынталы ойыншыларды тартуға көмектеседі. Бұл — мансабын аяқтау үшін емес, өрлеу үшін келетіндерге жақсы мүмкіндік.”

Клуб иесінің айтуынша, түскен қаражаттың бір бөлігі құрамды күшейтуге жұмсалады, себебі бірнеше футболшының келісімшарты аяқталуға жақын, ал негізгі шабуылшылар жарақат алған.

“Көп ойыншылардың келісімшарты бітіп жатыр. Оның үстіне екі шабуылшымыз – Элдер Сантана мен Жоао Пауло жарақат алды. Сол себепті екі жаңа ойыншы алуға тура келді. Қазір кім кетеді, кім қалуы керек екенін анықтап қойдық.”

Осылайша, “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасынан түскен табысты инфрақұрылымды дамыту мен команда сапасын арттыруға бағыттап, ұзақмерзімді спорттық жобаларын жалғастырмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров