Жарнама
Жарнама

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы ойындарға билеттер бағасын түсірген себебін түсіндірді

19.11.2025, 15:50

"Қайрат" клубының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарына билет бағасының айырмашылығы жанкүйерлердің назарын аударды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Алматыдағы Орталық стадионда ойындарды көру үшін билеттер 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сатылған болса Астанада өтетін матчтар үшін билет бағасы әлдеқайда төмен – 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін.

Клубтың ресми түсіндірмесі:

"Бұған дейін "Қайрат” УЕФА-ның баға саясатына сәйкес Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға арналған билеттің бағасы бекітілген әрі өзгермейтінін хабарлаған болатын. Бұл баға саясаты Алматыдағы Орталық стадионда өтетін барлық ойынға бекітілгендіктен, сол жағдайларда қайта қаралуы мүмкін болмады.

Алматыдағы қолайсыз қысқы жағдайларға байланысты матчтарды Астанаға ауыстыру шешімі УЕФА-мен келісе отырып қабылданды. Ойын орнының өзгеруі оған қатысты талаптардың да өзгеруіне әкелді.

Жаңа жағдайларды ескере отырып, клубта билет бағасын қайта қарау мүмкіндігі пайда болды."

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров