Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті.
Кездесу барысында алаң иелері басымдықты толығымен өз қолына алып, толықтай шабуылда ойнады. Ал «Ұлытау» қарымта шабуылдар арқылы гол соғуға тырысқанымен, бұл әрекеттері нәтиже бермеді. Ойынның 41-минутында Эдмилсон дәл соққысымен алматылықтарға жеңіс сыйлады. Бұл оның ел чемпионатындағы дебютті голы.
Бұл жеңістен кейін «Қайраттың» ұпай саны 43-ке жетіп, турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Ал «Ұлытау» 13 ұпаймен 12-орында тұр.
«Қайрат» — «Ұлытау» 1:0 (1:0)
Гол: Эдмилсон 41 минут (1:0)
Біздің серіктес: FONBET