Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті

15.07.2025, 21:52

Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан  «Қайрат» клубы өз алаңында Словения чемпионы  «Олимпияны» 2:0 есебімен жеңіп кетті.

Жарнама
Жарнама

Қонақтар допқа көбірек иелік еткенімен, бірінші таймда олардың қақпасына екі жауапсыз гол соғылды. Алғашқы голды Жоржиньо баспен бағыттаса, артынша Александр Мрынский қақпашымен жеке дара шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Екінші таймда алаң иелері терең қорғанысқа көшіп, есепті сақтап қалуға тырысты. Бұл тактика өз жемісін берді. Нәтижесінде ойын 2:0 есебімен аяқталып, «Қайрат» бұл жұптың айқын фаворитін жарыстан шығарып тастады.
«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Олимпия» (Любляна, Словения)  2:0 (2:0)
Голдар: Жоржиньо
, 5 (1:0), Мрынский, 31 (2:0)
Бірінші ойын: 1:1. 

Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Милсами» (Молдова) – «КуПС» (Финляндия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл жұптың алғашқы ойыны 1:0 есебімен Финляндия чемпионарының пайдасына аяқталған болатын. Алматылықтар бірінші ойынын 22 немесе 23 шілде күні түзде өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: