Жарнама
Жарнама

«Қайрат» - Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін құрамы жөнінен ең арзан ұжым

Чемпиондар Лигасының биылғы маусымының топтық кезеңінде өнер көрсететін 36 командасының 32 белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасының осы маусымында өнер көрсететін клубтар:

 

  • Себет 1: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Реал Мадрид» (Испания), «Ман Сити» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Интер» (Италия), «Челси» (Англия), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Барселона» (Испания)

 

  • Себет 2: «Арсенал» (Англия), «Байер» (Германия), «Атлетико» (Испания), «Аталанта» (Италия), «Вильярреал» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Айнтрахт» (Германия), «Тоттенхэм» (Англия)

 

  • Себет 3: ПСВ (Нидерланды), «Аякс» (Нидерланды), «Наполи» (Италия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Греция), «Славия» (Чехия), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Марсель» (Франция)

 

  • Себет 4: «Монако» (Франция), «Галатасарай» (Түркия), «Юнион» (Бельгия), «Атлетик» (Испания), «Ньюкасл» (Англия), «Пафос» (Кипр), «Қайрат» (Қазақстан)

Алматылық команда осы командалар ішіндегі құрамы ең арзан ұжым атанды. Рафаэль Уразбахтин шәкірттерін Трансфермаркет порталы 12,45 млн еуроға бағалайды. 

Қазақстандық клубтан кейін құрамы ең арзан команда ретінде кипрлік «Пафос» саналып отыр. Трансфермаркет өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан ұжымды 20,85 млн еуро тұрады деп көрсетуде.

Еске салсақ, кеше «Қайрат» ұжымы Орталық стадионда «Селтикті» пенальтилер сериясында тізе бүктірді. Ойын соңындағы шешуші сәтте жас қақпашы Темірлан Анарбеков үш білдей соққыны қайтарып, кездесудің қаһарманы атанды. 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: