Жарнама
Жарнама

“Қайрат” Чемпиондар лигасының үйдегі ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды.

30.08.2025, 00:00

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде әр команда өз алаңында төрт ойыннан өткізеді. Алматылық “Қайрат” бұл кезеңде тек бір ғана стадионды пайдалана алады.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионы ойындарын Алматыдағы Орталық стадионда жалғастырады. 

УЕФА регламентіне (25-бап, 8-тармақ) сәйкес, клуб жалпы кезеңге бір ғана стадионды тіркей алады және плей-офф кезеңіне дейін оны ауыстыруға құқы жоқ.

“Жалпы кезеңде клуб барлық үй матчтарын бір стадионда өткізуі тиіс.” – делінген құжатта.

Тек төтенше жағдайларда ғана жағдай өзгеруі мүмкін, егер стадион немесе қала алаң сапасы, қауіпсіздік, пайдалану немесе ұйымдастыру мәселелері бойынша талаптарға сай келмесе. Мұндай жағдайда УЕФА федерациямен және клубпен ақылдасып, балама алаң ұсынуы мүмкін.

Алматыдағы Орталық стадион УЕФА-ның ең жоғарғы төртінші санатына ие, бұл оған Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейінгі ойындарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров