Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-Лигасының 21-турында өз алаңында семейлік «Елімаймен» кездесті.
Алаң иелері есепті Максим Ковальдың қателігін пайдаланып, Эдмилсонның баспен бағыттаған соққысынан кейін есеп ашты. Кейінірек алаң иелері есепті еселеді. Үзіліске дейін Иван Свиридов есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймның басында алматылықтар шабуылға шыққанымен, семейліктер бірнеше шабуылдан соң таразы басын теңестірді. Ал кейінірек Фессу Флакка дубль жасап, есепті 2:3-ке жеткізді.
Осылайша, «Қайрат» 43 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал «Елімай» 35 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Бұл жайт Конференция лигасынан шығып қалған астаналықтарға қатты көмектесері сөзсіз. Себебі, олар «Қайраттан» 3 ұпай қалып тұрса да, 2 ойынға кем өткізген.
«Қайрат» — «Елімай» 2:3 (2:1)
Голдар: Эдмилсон 15 (1:0), Эдмилсон 37 (2:0), Свиридов 45 (2:1), Плакка 42 (2:2), Плакка 83 (2:3)
Біздің серіктес: FONBET