Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ЧЛ-да қанша ақша тапты? «Карабах» қазірдің өзінде 4,2 миллион еуроны қалтасына басқан

08.10.2025, 14:55

Еуропадағы ең мәртебелі турнир ешкімді ренжітпейді.

"Қайрат" - "Реал" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Жалпы кезеңге шыққаны үшін де клубтарға аямай қаржы бөлген. Ал негізгі этаптағы бонустар жағы қалай? Алғашқы екі турда кім қанша ақшаны қалтасына басып үлгерді? Сонымен, алғашқы екі турдан кейін бес клуб талап бойынша белгіленген 4,2 миллион еуроны еншіледі – «ПСЖ», «Бавария», «Реал», «Интер», «Арсенал» мен Әзербайжан чемпионы «Карабах» та осы тізімде. Ал алматылық клубқа екі жеңілістен кейін әзірше ешқандай сыйақы қарастырылмайды. Бірақ, ҚПЛ чемпионы негізгі кезеңге шыққаны үшін 20,2 миллион еуро алатынын да ұмытпау керек. Бұл соманың 18,62 миллоны тек жалпы кезеңдегі өнері үшін беріледі. Осылайша, Рафаэль Уразбахтиннің командасы өзінің бюджетін екі есе толықтырып алды (клуб бюджеі шамамен 10-15 миллион еуроға бағаланады).

«Қайрат» келесі кездесуін 21-қазанда өткізеді. Алматыда кипрлік «Пафосты» қабылдайды.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров