Жарнама
Жарнама

«Қайрат» ЧЛ негізгі кезеңіне шығады! Мамандар алматылықтардың негізі басымдығын айтты

13.08.2025, 15:47

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Евтеев Sports.kz сайтына сұқбат беріп, ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Селтик» - «Қайрат» бәсекелестігі жайлы пікірімен бөлісіп, алматылық клубтың мүмкіндігін бағалады.

"Слован" - "Қайрат" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Командалар алдымен 21-тамызда Глазгода жолығады. Жауапты матч 16-тамызда Алматыда болады.

- «Қайратты» өте қиын теке-тірес күтіп тұр. Бірінші ойынды «Селтик» өз алаңында ойнайды және қажетті нәтижеге жету үшін барын салатыны анық. Бірақ, алматылықтардың бұған дайын болатынына сенімдімін. Ал содан кейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Алматыда Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін аянып қалмайды. «Қайраттың» шамасы жетеді «Селтикке», - деді ардагер.

ҚПЛ чемпионы алғашқы үш айналымда «Олимпия» (Словения), «КуПС» (Финляндия) және «Слован» «Словакия» командаларынан басым түсті.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров