Қос ойын қортындысында Словения чемпионын өткен алматылық «Қайрат» енді екінші кезеңде «КуПС» клубымен жолығады.
Финляндия чемпионы өз кезегінде бірінші айналымда молдова өкілі «Милсамиден» басым түскен болатын (1:0, 0:0).
ҚПЛ чемпионы алғашқы кездесуін 22/23-шілдеде сырт алаңда өткізеді. Ал жауапты ойын 29/30 шілдеде Алматыда болады. Жеңгені ЧЛ-ның үшінші кезеңіне аяқ басады, ал жеңілген ұжым Еуропа Лигасының үшінші кезеңінде бақ сынамақ.
Біздің серіктес: FONBET