ҚПЛ 2026 7-ші турдың орталық матчында Алматылық “Қайрат” пен соңғы уақытта қарқынынан жаңылмаған Семейлік “Елімай” кездеседі, деп хабарлайды Aladop.kz.
Матч қарсаңында Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, белгілі маман Алмат Бекбаев өз ойын білдірді.
Бекбаевтың айтуынша, бұл ойынның интригасы өте жоғары. Себебі екі ұжым да биылғы маусымда әлі жеңілістің дәмін татқан жоқ. Дегенмен Алматылықтар үшін бұл жай ғана кезекті ойын емес, намыс мәселесі болмақ.
“Елімай” соңғы кездері жақсы қарқын алды. Бұл бүгінгі ойынның қызығын арттыра түспек. Маңызды бір жайт — өткен маусымда Семейліктер “Қайратты” екі рет те тізе бүктірген болатын. Сондықтан бүгін Алматылық клуб сол кеткен есені қайтарып, үш ұпайды иеленуге барын салады.” — деді сарапшы Sports.kz сайтына берген сұхбатында.
Маманның пікірінше, ойын Алматыда өтетіндіктен, алаң иелерінің мүмкіндігі сәл жоғарырақ. Туған жердің қолдауы мен жанкүйерлердің ықыласы “Қайратқа” қосымша күш бермек.
Біздің серіктес: FONBET