Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Еуропа лигасында кіммен күш сынасуы мүмкін?

21.07.2025, 16:48

УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті. Бұл кезеңде алматылық «Қайрат» клубы да ойнауы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Егер Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финдік «КуПС» клубынан жеңіліп қалса, олар Еуропа лигасының келесі сатысында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бұл жағдайда «Қайрат» Латвияның «РФШ» немесе Швецияның «Мальмё» командалары арасындағы кездесуде жеңілген ұжыммен ойнайды.

Аталған ойындар 7 және 14 тамыз күндері өтеді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы іріктеуді сәтті бастап, алғашқы кезеңде Словенияның «Олимпия» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп шыққан болатын. Ал екінші кезеңдегі шешуші матч Куопио қаласында, 22 шілде күні өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: