Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Еуропаға ең алдымен қақпашыларының арқасында танылуда! Сарапшылар Шерхан Қалмұрзаның да болашағынан үміт күтеді

18.09.2025, 15:19

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, бүгін «Спортингке» қарсы бәсекеде «Қайрат» қақпасын қорғайтын Шерхан Қалмұрзаның мүмкіндіктері жайлы айтты.

Шерхан Қалмұрза
Жарнама
Жарнама

Алматылық клуб бүгін ЧЛ негізгі кезеңінде бірінші тур аясында «Спортингпен» ойнайды. 

«Қақпашы жарты команда деп тегін айтпайды. Бүгін ол жігітке оңай болмайын деп тұр. Өзі чемпионатта да, Кубокте де көп ойнаған жоқ. Бірінші лигадан бірден Чемпиондар Лигасына секіріп отыр ғой. Бірінші планға психология шығады. Шерхан техникалық, психологиялық тұрғыда қандай қақпашы? Көп дүние міне осындай факторларға байланысты болады. Шерханға міндетті түрде қорғаушылар көмектесуі тиіс. Тәжірибелі Мартынович, Сорокин, Тапалов бар. Барлығы жас командаластарына қолдау білдірсе, барлығы дұрыс болады деп сенеміз. Чемпиондар Лигасында күнде өнер көрсете бермейсің, осындай мүмкіндік түскен екен, барыңды салып ойнау керек. Шерханға қорықпау керек», - деді Б. Есмағамбетов. 

«Қайрат» ЧЛ 2-туры аясында «Реал» Мадридті қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров