УЕФА-ның ресми сайты Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуын атап өтті.
"Қазақстан тарихында бар болғаны екінші рет Чемпиондар лигасында ел намысын қорғауы мүмкін. Алматының "Қайраты" сырт алаңда Братиславаның "Слованын" пенальти сериясында жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бұған дейін турнирде Қазақстан атынан топтық кезеңге шыққан жалғыз команда "Астана” (2015/16) еді. Ал "Қайрат” болса, қазірдің өзінде тарихындағы ең үздік Еурокубок нәтижесіне қол жеткізді. Клуб кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.
Плей-офф кезеңінде олар 1967 жылғы Чемпиондар кубогының иегері "Селтикпен” кездеседі.” деп жазады сайт.
Біздің серіктес: FONBET