Жарнама
Жарнама

“Қайрат” ФК фанаттары еурокубоктегі қарсыластарына ұйқы бермеуді әдетке айналдырған

Бүгін, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының 1 іріктеу кезеңінде “Олимпия” Любляна ұжымын өз алаңында тізе бүктірді (2:0). Сөйтіп қос ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.

Жарнама
Жарнама

Бір қызығы, бір топ жанкүйер матч алдында Алматыда демалып жатқан “Олимпия” футболшыларының мазасын қашырған. Олар пиротехникалық заттардан от шашып, қатты дауыс шығарған. Салдарынан спортшылардың түнгі ұйқысы төрт бөлінген. 

Қонаққа келген командалардың құтын қашыру “Қайрат” жанкүйерлеріне тансық емес. Мәселен, 2019 жылы Еуропа Лигасының іріктеуі аясында Алматыда болған “Хапоэль” футболшылары да, бұзақылардың тоқтаусыз шуынан құлақтарының тұнғанын жеткізген болатын. Ертесіне алаңға шыққан израильдік спортшылар “Қайратпен” 1:1 ойнады. Алайда өз алаңындағы сенімді жеңіс нәтижесінде келесі кезеңге өтті.  

Еске салсақ, Грузияға барып тартысты кездесуде “Торпедодан” ұтылған “Ордабасы” футболшыларының жатқан қонақ үйіне де түнгі уақытта тыным болмаған. Жергілікті жанкүйерлер шымкенттіктер жатқан терезе тұсында қатты айқайға салып, көліктің сигналын барынша басқан. Ал бұл жайт футболшылардың ертеңгі ойынға дайындалуына біраз кесірін тигізген.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: