Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболшылары автокөлік үшін жанын сала ма? Бірақ, алматылық клубтың жоспары өте күрделі...

25.09.2025, 12:27

«Реалдың» «Madridistanews» ақпараттық порталы қазақстандық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзөвтің «Қайрат» футболшыларына «Реалды» жеңсе автокөлік сыйлаймын деген уәдесі жайлы жазды.

"Қайрат" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, осыған дейін белгілі кәсіпкер әлем желі арқылы алматылық команда ойыншыларына бейнеүндеу жариялаған болатын.    

«Реалды» Чемпиондар Лигасындағы жолы шығысқа қарай, Қазақстанға дейінгі мыңдаған шақырымдарға жетелейді. Ол жерде алаң иелері үшін тарихи маңызы жоғары ойында «Қайратпен» кездеседі. «Қайрат» үшін бұл испаниялық алыптарға қарсы алғашқы матч болғалы тұр. Бұл бәсеке клуб пен оның жанкүйерлері үшін орасан маңызға ие. Сондай-ақ, бұл кездесудегі интриганы Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкердің бірі Тұрсынғали Алагөзовтің «Реалды» сенсация жасап жеңген жайдайда «Қайрат» ойыншыларының әрқайсысына жаңа автокөлік сыйлаймын деген уәдесі одан ары өршітуде. Сондықтан, «Мадридпен» алаңға «Қайрат» тек мақтаныш сезімімен емес, сондай-ақ, тарихқа өз есімдерін жазу мотивациясымен шығатын болады», - делінген портал материалында.

«Қайрат» - «Реал» кездесуі 30-қыркүйекте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров