Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалына шықты

02.05.2025, 23:06

Францияның Ле-Ман қаласында өтіп жатқан футзалдан Чемпиондар лигасы қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлады.

Жарнама
Жарнама

Алматының «Қайраты» кезекті мәрте ерлік жасап, Еуропаның таңдаулы клубтарының басын қосқан додада финалға шықты. Бұл – клуб тарихындағы төртінші финал. Жартылай финалда «Қайраттың» қарсыласы Испания чемпионы — «Картахена» еді. Жанкүйерлердің көпшілігі испан ұжымына басымдық бергенімен, алаңда мүлдем басқа көрініс орын алды. Қазақ командасы шеберлік пен табандылық танытып, тартысты бәсекеде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Статистикада испандықтар басым түскенімен (соққы саны — 61:34), шешуші сәттерде «Қайрат» суырылып алға шықты.

«Қайрат» – «Картахена» 3:2

Соққылар статистикасы: 34:61

Голдар: Алиссон, 16 минут (1:0), Мелладо, 20 минут (1:1), Алиссон, 37 минут (2:1), Деннис, 40 минут (3:1), Мотта, 40 минут (3:2)

4 мамыр күні «Қайрат» финалда Испанияның «Пальма» немесе «Спортинг» командаларының бірімен кездеседі.

Алматы клубының бұған дейінгі финалдары:

  • 2013 ж. — «Қайрат» 4:3 «Динамо» (Ресей)

  • 2015 ж. — «Қайрат» 3:2 «Барселона» (Испания)

  • 2019 ж. — «Қайрат» 1:2 «Спортинг» (Португалия)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: